Ақтауда көлік жүргізушісі бір адамды қағып кетті

1043
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден
Ақтауда Chevrolet Aveo көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қаққан, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Жол-көлік оқиғасы 31 қазан күні сағат 14:40 шамасында Ақтау қаласындағы шағын аудандардың бірінде болған. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының "Батыс" өңірлік қолбасшылығының 6656 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Қайрат Шырақбаев жол-көлік оқиғасының куәгері болған. Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырып, зардап шеккен адамға көмекке асыққаны айтылуда.

"Жағдайды бағалай отырып, мен зардап шеккендерге дереу алғашқы медициналық көмек көрсеттім. Жедел жәрдем келгенге дейін азаматша өз-өзіне келді", – дейді ұландық сержант.

Пікірлер