Алматы облысында жиһаз цехы өртке оранды

1096
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Алматы маңында жиһаз  цехы өртке оранды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Алматы-Бішкек» автожолының 18 шақырымында орналасқан жиһаз цехында өрт шықты. Қызыл жалын салдарынан 2 адам жеңіл жарақат алған.

Алматы облысы ТЖД мәліметінше өрт бүгін шамамен 13:19-да шыққан.  Қаскелең қаласындағы 101 байланыс пунктінің желісіне матрацтар өндіретін жиһаз цехының жанғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Оқиға орнына келгеннен кейін жалпы ауданы 231 ш.м. матрацтар шығаратын жиһаз цехының жанып жатқаныанықталды, қабылданған шаралармен өрт 14:07-де жойылды. Жалын салдарынан екі адам жеңіл жарақат алды. Өрттің себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД-ның 27 қызметкері мен 9 бірлік техникасы, Алматы қаласы ТЖД-ның 5 қызметкері мен 1 бірлік техника жұмылдырылған.

Пікірлер