6 қараша күні Париждегі Гиме музейінде қазақ тарихына арналған көрме ашылады.
Қазақстанның Ұлттық музейі көпшілік назарына 4 жылдық кезеңді қамтитын көшпелілер мәдениетіне тән сирек кездесетін жәдігерлерді ұсынады. Қазір Франция астанасында аталған шара қарсаңында ауқымды жарнама науқаны жүріп жатыр.
айта кетейік, көрме 5 айға жалғасады. Іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстанның Франциядағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Гиме музейіне жыл сайын жәдігерлерді тамашалауға 300 мыңға жуық адам келеді.