Париж, Париж. Президент Францияға мемлекеттік сапармен барады

1010
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронның шақыруымен 4-5 қараша күндері Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, сапар барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Францияның іскер топтарының бірқатар өкілімен кездеседі.

Айта кетейік, 31 қазан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысын өткізді.Президент сонда Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD) мәліметіне сүйене отырып, еліміз әлемдегі бәсекеге қабілетті 35 мемлекеттің қатарына қосылғанын айтты.

Пікірлер