Президент сапарында шыққан еңбек. Қазақша-моңғолша, моңғолша-қазақша сөздік жарық көрді

1520
Adyrna.kz Telegram

29 қазан күні қазақша-моңғолша, моңғолша-қазақша сөздіктер жарық көрді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ұланбатыр қаласында әйгілі алтаист ғалым Базылхан Бұқатұлы мен Түркі академиясының сарапшысы Нәпіл Базылхан құрастырған "Қазақша-моңғолша сөздік" және "Моңғолша-қазақша сөздік" жарық көрді. Сөздіктердің жарық көруі Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Моңғолияға мемлекеттік сапары кезінде жүзеге асқан Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени және ғылыми ынтымақтастықтың бір көрінісі болып табылады. Бұл маңызды еңбекті жариялауға Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх тікелей қолдау көрсетті.

Қос сөздіктің алғысөзін Моңғолия президент кеңсесінің басшысы Гомбожавын Занданшатар жазған. Әрқайсысында шамамен 60 мың сөз қамтылған бұл сөздіктер – алтаистика, түркология, қазақтану және моңғолтану салалары бойынша зерттеулерге қажетті лексикографиялық талаптарға сай құрастырылған құнды ғылыми еңбек.

Сөздікті баспаға дайындау ісін ұйымдастыруда Моңғолия президенті жанындағы Тіл саясаты ұлттық кеңесінің және ресми істер басқармасы жетекшісі, филология ғылымдарының докторы (PhD) Нямхүүгийн Нарангэрэл жетекшілік етті.

Пікірлер