Журналист соңына полиция түскенін айтып, желіде жазба жариялады

1152
Adyrna.kz Telegram
Фото: Әлеуметтік желіден
Фото: Әлеуметтік желіден

Журналист Жәмила Маричева полицияның ізіне түскенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ҚазТАГ мәліметінше, қазақстандық құзырлы органның тарапынан журналистке деген жаңа қызығушылықтың пайда болған. Оның айтуынша, бірнеше күннен бері құзырлы орган өкілдері пәтерінде кім тіркеуде тұрғанына тексеріс жасаған.

"Мұны осында тіркеп қояйын, себебі павлодарлық полиция маған ерекше қызығушылық танытып отыр. Екінші күн қатарынан келіп, туыстарымды мазалап пәтерімде 18, 25, немесе 12 адам тіркеуде тұрғанын айтып жатыр. Ішке кіруге қатты құмар секілді", – деп жазды Маричева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол полицияға шағым дайындап жатқанын да атап өтті.

"Сондай-ақ менің пәтерімде ешқандай бөтен адамды тіркемегенімді, бұл адамдардың кім екенін білмейтінімді де көпшілік алдында айтқым келеді. Егер бұл жалған тіркеулер болса, онда сұрақ көші-қон қызметіне: менің рұқсатымсыз пәтерімде қалайша 18, 25 немесе 12 адам тіркеліп кеткен? Шамасы, керісінше маған емес, олардың жұмыс сапасына сұрақ қоюым керек секілді", – деді журналист.

Пікірлер