КӘМШАТ ТАСБОЛАТ: Орысша сөйлегені үшін түрмеге салды!

1807
Adyrna.kz Telegram

“Қажымұқан” фильмін көріп отырмыз. Кілең үлкен кісілер, зиялылар мен балалы-шағалы отбасылар жиналған залға… Бір әйел соны сезді ме, басынан бастап “я попкорн хочу” деп орысша сайрап отырған баласын түртпектеп отырды.

Баласы бірде телефон, бірде кино қарайды. Бір кезде Қажымұқанды түрмеге салған жеріне келдік. Бала түсінбей: - Мам, ал оны неге түрмеге посадили? - деп сұрады. Анасы бірден:

- Орысша сөйлегені үшін түрмеге салды! - дегені сол-ақ екен, кино біткенше бала қазақша сөйлеп отырды.

 

Kamshat Tasbolat

 

 

 

Пікірлер