Мектепке құжат өткізген 273 мың оқушының 70%-ы қазақ тілінде оқуды таңдаған. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.
«2025 жылғы 1 сәуірден бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды. Бүгінгі күнге дейін еліміздің мектептеріне 273 643 бала қабылданды, олардың 70%-ы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған», — делінген хабарламада.
Айта кетсек, биыл ҰБТ тапсырған 210 мың талапкердің 76,5%-ы тестті қазақ тілінде тапсырған.
Ұқсас жаңалықтар
"Сіз секілділерді педагогикаға зеңбірек оғы жететін жерге жақындатпау керек!" - деген едім директорыма... Ондайлар білім саласында әлі өріп жүр...
