Қазақстан Ресейге салынған санкцияларды айналып өту үшін өз аумағын пайдалануға қарсы

1116
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz
Қазақстан билігі Ресейдің халықаралық санкцияларды айналып өту үшін ел аумағын пайдалануына қарсы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлімдеді.

«Қазақстан Ресейге қарсы санкция салған жоқ, Ресейге қарсы санкцияларға да қосылмады. Сонымен бірге, біз өз территориямыздың санкцияларды айналып өту үшін пайдаланылғанын қаламаймыз», - деді Василенко Польшаның RAR агенттігіне берген сұхбатында.

Вице-министр Василенко санкцияларды айналып өтпеу үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын атады. Себебі республика «екінші реттік санкциялардың енгізілуін қаламайды». Оның сөзінше, Астана мен Мәскеу арасындағы екіжақты қарым-қатынаста «мәселе» жоқ. Алайда «әртүрлі мәселелер» бар екенін, өйткені көршілес екі мемлекеттің қарым-қатынасы «өте алуан түрлі» екенін атап өтті.

«Әртүрлі сұрақтар бар, себебі біз көрші мемлекеттерміз және біздің қарым-қатынастарымыз алуан түрлі. Біз бұл сұрақтарды олар мәселеге айналмай тұрып шешу үшін Ресеймен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз, — деп түсіндірді ол.

Пікірлер