Түркияның әйгілі компаниясы Қазақстанда дрон шығармақ

1071
Adyrna.kz Telegram
Фото: focus.ua
Фото: focus.ua

Түркиялық Baykar Defence компаниясы Қазақстанда камикадзе-дрондар мен ұшқышсыз ұшатын аппараттар шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Қазақстанның қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі жариялады.

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Baykar Defence компаниясының бас директоры Халук Байрактармен келісімге келді.

"Baykar Defence бас директоры Халук Байрактармен келіссөздер нәтижелі болды. Келіссөздер барысында тараптар еліміздің аумағында тактикалық ұшқышсыз ұшу аппараттары мен жедел деңгейлі оқ-дәрілерді өндіруді локализациялау мәселесі бойынша жол картасын әзірлеуге келісті", – делінген министрлік хабарламасында.

Келіссөз Түркияның Стамбул қаласында өткен SAHA EXPO-2024 IV халықаралық қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі көрмесі аясында болғаны айтылды. Министр Жақсылықов Түркияның қорғаныс министрі Яшар Гүлермен, қорғаныс өнеркәсібі агенттігінің төрағасы Халук Гергюнмен және БАӘ қорғаныс министрі Мұхаммед бен Мүбарак Фадель Әл Мазруимен келіссөздер жүргізді.

Пікірлер