Батыста облыстық полиция басшысының ұлы 10 жылға сотталды

973
Adyrna.kz Telegram

Батыс Қазақстан облысының полиция бастығы орынбасарының ұлы есірткі сатқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Полиция бастығының ұлын алқабилер ақтап шыққан. Іс 2024 жылғы 21 қазанда Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен қайтадан қаралып, сот отырысы өтті. Қылмыстық құқық бұзушылық «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша сараланды.

Пікірлер