Қазақстан саяхат үшін үздік елдер тізіміне енді

155
Adyrna.kz Telegram
Фото gov.kz
Фото gov.kz

Қазақстан саяхаттауға ең жақсы елдердің тізіміне енді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Lonely Planet-тің беделді Best in Travel 2025 рейтингіне енген Қазақстан тағы да әлемдік туристердің назарын аударды. Жыл сайын басылым келесі жылға арналған ең жақсы туристік бағыттардың тізімін жариялайды. Биыл Қазақстан өзінің ерекше табиғатымен, бай мәдениетімен және тарихи мұрасымен танылып, әлемнің жетекші елдерінің қатарынан орын алды.

Lonely Planet сарапшылар тобы саяхатшылардың, компания қызметкерлерінің, гид авторларының және басқа да туризм мамандарының ұсыныстарына негізделген туристік бағыттарға егжей-тегжейлі талдау жасайды.

«Қазақстан – жай ғана баратын жер емес, бұл ашылуға тұрарлық тұтас әлем, саяхаттауға тұрарлық ерекше сапар және сіздің бір бөлшегіңізге айналатын тарих. Қазақ даласында орналасқан қалаларды қоршаған шексіз жазықтарда ежелгі Жібек жолының сыбдыры сезіледі,» – деп жазады Lonely Planet басылымы.

Пікірлер