Қытайда білім алып жатқан қазақтың блогер қызы

4452
Adyrna.kz Telegram

Перизат Шахметова - Атырау өңірінің тумасы.
Қытай елінің Азиядағы Нью-Йоргі болып саналатын Шаньхай қаласында "қытай медицинасы" мамандығы бойынша білім алуда.
Үш жыл уақыт ішінде дəстүрлі дамыған медицина саласын зерттеу үстінде. Перизаттың айтуынша:"Қытай медицинасының негізі, қайнар көзі қытай халқының көне мәдениеті мен дәстүрінен, қытай өркениетінің жетістіктерінен бастау алады. Дəрігер - салауатты өмір сүруге үйрететін ақылшы ұстаз."
Сонымен бірге қытайдағы қазақ блогері. Перизаттың өмірлік ұстанымы: " Адам əрқашан өзін өзгертуін, алда келтін күндерге қадам жасауын тоқтатпау керек ". Кейіпкеріміздің шет елдегі əсері оқырмандарға пайдалы ақпараттар болатынына сенімдіміз.

1.Қытай Халық Републикасын не себепті таңдадыңыз? Шанхай қаласы несімен ерекше? Несімен таңқалдырды?

1. ҚХР таңдаған себебім ол жер қазіргі таңда білім алуға ыңғайлы, арзан. Жәнеде мен өзім кішкентай кезімнен дәрігер болуды армандадым. Кішкентай кезімде "Тәуіп Хожун" сериалын көріп, қытай медицинасына қатты қызығатынмын. Солай өз арманыммен Қытайдың Шанxай қаласына оқуға түстім. Шанxай қаласы Азияның Нью-Йоргі болып саналады. Еуропаланған қала болып саналады, бұл жерде 25миллион xалық тұрса да Әлем бойынша ең қауіпсіз қалалар қатарына жататыны мені таңқалдырды.

2.Қазіргі таңда кез келген тілді білу үшін курстарға барып үйренеді. Қытай тілін қалай үйрендіңіз? Қаншалық жетік меңгердіңіз.

Қытай тілінде ең жоғарғы уровень 6, мен қазір 5ші уровеньді алдым. Қытай тілін кинолар қарап, достар тауып, түрлі сайттардан үйрендім. Қазіргі уақытта өзім қытай тілінен уақытша сабақ беріп жүрмін. Оқып жатқан, жаңадан бастап жатқан оқушыларым қытай тілі түкте қиын емес дейді.

3.Студенттердің жағдайы қалай? Стипендияңыз өзіңізге жеткілікті ме? Əлде қосымша жұмыс істеуге тура келе ме?

Студенттердің жағдайы өте керемет. Бізде жатаxана қонақүйлермен бірдей. Стипендия біз ай сайын 100мыңнан жоғары аламыз. Өз басыма жеткілікті. Ол енді әркімнің ақша жаратуына байланысты шығар. Қосымша жұмыста жасаймын.

4.Шетелде оқудың қызығы мен қиындығын айтып бересіз бе? Оқу қалай түстіңіз ?Алғаш келген күніңіз есеңіз де ме? Қиналған шығарсыз?

Мен 11 сыныпта оқып жүрген кезімде  медицинаға түсуді армандадым.  Сол жылдары Қазақстан оқу орындарында "Алтын белгі" алған оқушылардың грантқа ілекпей қалғанын естігенмін.
Ойлана келе Халықаралық Ғылыми Жоба сайысына  барып келуді үміт еттім. 11 сыныптың  бір бөлік жылында ғылыми жоба жаздым.
Мектепшіліктен өтіп, облыстықтан 2ші орын алып, солай дайындалып жүргенде, Халықаралыққа қатысу үшін Миллион жарымдай ақша сұрады. Енді бас тартайын десем ҰБТ-ға дайындалатын тек ғана 6ай уақытым қалды, үлгере алмаймын. Сол ақшаға одан да шет елге барып оқып келуді жөн санадым....
Өзім мед қалағандықтан, Қытай медицинасы біріншіден Қазақстанда жоқ, екіншіден бұл жерде оқуға үлкен мүмкіндік болды. Солай @chinese.kz компаниясын тауып, сол компания арқылы Гуйлинь деген жерге тіл оқуға бардым.
Гуйлиньде жүріп, сол оқығаныммен тест тапсырып, Шанxай қаласындағы өзім арман еткен оқу орынына түстім.
Шет елге оқуға тапсыру еш қиындығы жоқ. Тек өз межеңді нақтылау керек. Армансыз адам алыс бармас.
Шет елде оқығанның қызық пен қиын жақтары туралы айтайын
. ✅Аты айтып тұрғандай шет елдің аты "Шет ел". Жаңа орта, жаңа жер, жаңа адамдар. Өзіңе жаңаша бір нәрселер табасын
✅Заманауи білім, көп тілде сөйлеуге мүмкіндік. Көптегеен шетелдік адамдармен араласып, достар табасын
✅Өмірге деген көзқарасын өзгеріп, елге келгенде шынымен барлығын басқаша көзбен көресін.
✅Саяxаттауға көп мүмкіншілік. ✅Сабақ Қазақстанға қарағанда жеңілірек.Және грантқа көп мүмкіндіктер бар.
✅Суретке түсуге көп әдемі жерлер 🙈
✅Қытайлықтар өте ақкөңіл xалық. Егер өзіңіз туралы көп мақтау сөз естігіңіз келсе, солармен сөйлесіңіз. Қазақстанда жүргенде, жер үлкен, адам аз болсада, қақтығысып, соғысып жүреді. Ол жақта ондай нәрселер көрмейсін. .
Қиыншылығы.
1.Елінді, үйіңді сағынасың. Бәрібір бір нәрсе жетпей жүргендей сезінесің.
2.Тамақ жағынан өте қиын. Көп тамақтарда шошқаның еті, майы сондықтан бұл да менің вегандыққа көшуімнің басты себебі болған.
3."Әй дейтін әже, қой дейтін Қожа жоқ". Сондықтан мен қыз балалардың шет елде жалғыз оқуыңа қарсымын.

 

5. Қытайдың қазақ студенттеріне деген көзқарасы қандай?

Қытайлықтардың бізге деген көзқарасы жақсы. Бізді шет ел азаматтары болған соң құрмейттейді. Біз өте жақсы араласамыз, көп жерлерде бізге көмектеседі. Сондықтан Қытайлықтармен ара қатынасымыз жақсы деп айта аламын

6. Жергілікті жерде жақын достарыңыз бар ма? Жəне бос уақыттарыңызды қалай өткізесіз?

Менде көбіне шет елдіктермен дос боламын.
Менің көп саяxаттайтынымда сондықтан. Қай елге, жерге барсам да достарым күтіп алып жатады. Бос уақытым өте аз болады. Сабақ оқудан бөлек, кітаптар оқимын, қытай тілін оқуды солай тоқтап қалған жоқпын, жалғастырып оқып та жүрмін. Және басқа да тілдерді оқимын, йога, зумба мен айналысамын. Инстаграмм жүргізіп, қазір блогерлік туралы түрлі марафондар өткіземін.

7. Сіздің хоббиіңізді бірі Иога туралы айта кетсеңіз?Біздің дінімізге қаншалықты қарсы деп ойлайсыз?

Әрбір адамда өзі ұнататын спорт түрі болады. Мен осы йогамен айналысқалы бері өзіме жақын екенін түсіндім. Бірақ ести келе, мұсылман адамға йогамен айналысуға болмайды екен. 🤫
Біріншіден, йога-менің қабылдауымша жәй ғана спорттың бір түрі. Ол адам денсаулығына өте көп пайдасын тигізіп, көптеген ауруларды емдейді
.
Екіншіден, мен йогамен айналысқанда, тек қажетті нәрселерін жасаймын. Өлең айту, қолды осылай қою жағдайларында істемеймін. Қысқаша айтқанда керегін алып, исламға қарсы жағын мүлдем жасамаймын
.
Сондықтан йоганы менің физикалық жағдайымды реттеуге көмегін тигізіп жүрген спорттың бір түрі деп қабылдаймын


8. Əлемнің ең үздік оқу орындарына түскісі келіп, сіз секілді жырақтан білім іздегісі келетін жас жеткіншектерге берер кеңесіңіз?

Ең бірінші қазіргі жастарға айтар кеңесім.
ҚАЗАҚСТАНДА ШЕКТЕЛІП ҚАЛМАУ! Шет елде ақшасы барлар ғана оқиды деген қағидадан шығу. Өйткені шет елдер бізге Қазақстаннан да көп мүмкіндіктер беріп жатыр. Барлық мүмкіндікті пайдаланып қалу қажет. Ешқашан бір орында тұрмай, дами беру қажет. Уақыт зымырап бара жатыр, уақытпен бірге айналамыз тез дамып жатыр, көшпен бірге, заман ағымымен қозғалу қажет. Еріншектікке, жалқаулыққа уақыт болмау қажет. Қазір менің инста посттарымды оқысаңыздар гранттар алу жөнінде көптеген нәрселер жазып жүрмін, мен сияқты жазып жүрген студенттерде көп, соларды оқып, іздену қажет. Қыран қонған биікке, өрмелеп жылан да шыға алатынын ұмытпаған жөн. Мен жеткен биікке, сіздер де жете аласыздар.
ҚЫТАЙҒА КЕЛГЕНДЕГІ БІРІНШІ КҮНІМ
Аэропортқа кешігіп келдім. Атам дұға оқимыз деп, кішкене отырып қалғанбыз. Келсек, "Жүгіріңіз"деп, мама мен папаны құшақтадым ба жоқ па? Əйтеуір, жүгіріп самолетке апаратын автобусқа үлгердім.
Солай, Алматыға жеттім. 🛬Алматыда басқа студенттерді күтіп, барлығымыз жиналып, бір қытайша білетін студентке бізді тапсырып, Үрімшіге ұштық. Жүрек лүп-лүп 15 жастағы кішкентай қыздың, самолеттің терезесінен телміре қарап, күлімсіреп, "арманыма жеттім-ау" деп отырған бейнесі әлі есімде. Алда қаншама қиыншылықтар ормалын бұлғап тұрғанын білмеген ғой...
Солай, Үрімшіге жеттік. Бізді алып баратын студент баланы таба алмай қалып, 10шақты студент адасып кетуге қалғанбыз. Кішкене қытайша оқығаныммен, бір адамдарға барып "Гуйлинь, Гуйлинь" деп айқайлағаным бар.Гуйлиньдегі достарым, әлі соны айтып күледі. Қазір бірақ олармен көп араласпаймыз, әркім өз жолымен кетті
.
Гуйлинь, Гуйлинь деп Гуйлиньге де жеттік. Чемондарымызды алып шықсақ, "Kazakhstan" деген қағаз ұстап алған бір бала тұр екен, соның жаныңа анасың тапқан баладай қуанып, жүгіріп бардық. Барлығымызды таксиге отырғызып, универге жіберді
Қанша шаршап тұрсам да, терезеден көз алар емеспін. Әдемі таулар, көрікті табиғат, барлығы әлі есімде. Солай универге жетіп, орналастық.  Үшінші күн дегенде, сол жерде оқып жатырған қазақ бала бір жерге тамақтануға апарған. Оны таяқшамен жей алмадым....
Гуйлиньде жарты жыл оқыдым, сабаққа 40 баладан тек 3-4еуі келетін. Жарты жылда тек "ниxау", "зайджиэн" деген сөздерді үйрендім. Көңілім түсті. Арманым медицина оқу болғандықтан,  оқуға түсуге қарай бастадым. Ол кезде грант деген білмей, ақшаға болсын оқимын деп, Гуанчжоуға жұмыс жасауға кеттім.
Жұмысты ғаламтор арқылы тауып, бір ресторанға даяшы болып жұмысқа орналаспақшы болдым. Гуанчжоуға чемоданымды арқалап кеттім.
Ресторанды тауып, барғанымда бір тәжік бала жасайды екен, сол көмектесіп, бастықпен таныстырып, сөйлестірді. Ол кезде қытайша да білмеймін, ағылшын тілімде керемет деңгейде емес еді. Мейрамхана басшысың маған деген көзқарасы суықтау болды.Чемоданымды көріп "Жарайды, 2 күн уақыт беремін, жасап көр" деді. Сол күні үйдегілер кеткенімді білмейді, қонақ үйгн жататын ақшам жоқ, жұмысқа бірден орналасып кетемін деген ойларым құрдымға кетті.
Картамен қарап, қасынан парк тауып, чемоданымды құшақтап сол жерде ұйықтап, Таң сəрімен жұмысқа шықтым. .
Бірінші күн өзімді көрсете алмадым, көп нәрселерді түсінбедім. Ішіндегі қытайлықтар маған көп көмектесті . Кешкісін жұмыстан шығып, қайтадан паркке ұйықтауға кеттім.  Ертесі күні соңғы күн болғасын, басқа амал жоқ жасаймын деп, іштің шаңын барлығын сүртіп, төбені ақтап, өзі итальяндық ресторан болған соң, итальяндықтар көп келген, телефонмен итальянша заказ қабылдауды үйреніп алып, солай пысықтығымды қосып, жұмысқа орналасып алдым.
.
Сол айда бастығыма 2 миллион ақша жинап бергенмін. Жалақымды көтеріп, менеджер қылып жіберді .
Жарты жыл жұмысымды жасап жүріп, ақшамды жинап, бір жағынан жұмыс, бір жағынан құжаттарымды жинап оқуыма тапсырдым. Солай түстім. Бастығым өте жақсы адам еді, жұмыстан жібергісі келмей, қытайлықтардан да жақсы жұмыс жасайсын деп мақтаған...
ҚАЛАЙ АРЗАН САЯХАТ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?✈
Біріншіден Қазақстаннан қалай ұшатындығы жөнінде білмедім, бірақ Қытай елінен ұшқан арзанырақ болады. Мен билетті, Шанxай-КЛ🔄 КЛ-Шанxай 💰1104юань (58000 тг) алдым
.
Қазір, қонақ үй, xостельдарды өте арзан бағада табуға болады. Мен алған жер booking.com. Куала Лумпурда 3 күнге 💰300 ю (15000тг💲) ал жүріп-тұру, мен Қазақстандағы индрайвер, Яндекстакси секілді программамен (Grab деп аталады) такси шақырып жүрдім. Өте арзан және ыңғайлы. Және метромен үйренгесін, метроменде жүрдім.
Күніне 💰80-100 ю (5000тг) ақша жұмсадым, тамақтануды қосқанда.
Аквапаркке бардым 💰200-250 ю (13000 тг) болды
.
3 күннен соң Малайзияның Лангкави 🏝аралдарына бардым. Ол жерге барып келу билет құны 💰205 ю(12000 тг)
.
Лангкавида қонақ үйде тұрдым. 3 күнге 💰700 ю(35000 тг) + таңғы асымен бірге. Айта кетерлігі ас мәзірінде түрлі тағамдар бар, өте өте дәмді.
Көптеген арал, жағажайлар барлығы тегін. Тамақтары арзан. Мен 3 күнге машина жалға алдым. Бірақ ол жақта оң жақ жолмен жүреді сондықтан сақ болған жөн. 🆘
.
Шамамен алғандағы шығын көлемі, 💰4000-4500 юаньдай (180-200мың тг) жұмсадым. Жалпы бұданда арзан жұмсауға болады. Ол өзіңіздің ақшаны қалай ұстайтыныңызға байланысты. Ол ақшаны қайдан алдың деген адамдарға. Осы саяxатқа бару үшін ақша жинауға маған 4-5 ай жеткілікті болды
.
Саяxаттаудың ең басты мақсаты- алдын ала барлығын жоспарлап алу. Саудаласа білу, сол елдің программаларын қолдана білу. Сіз қаласаңыз барлығы болады, тек сол қалағаныңды жасау үшінде көп жұмыстану қажет екен.

 

 

Сұхбаттасқан: Алмас БОРИС

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер