Euronews өкілі: БАҚ назары Қазақстаннан гөрі Өзбекстанға ауатын болған

314
Adyrna.kz Telegram

Ағылшын экономисі, Euronews телеарнасының өкілі Фред Харрисон Орталық Азиядағы БАҚ назары Қазақстаннан гөрі Өзбекстанған ауатын болған деген мәлімдеме жасады. Бұл туралы ол Ташкентте өтіп жатқан Өзбекстанның мәдени мұрасы апталығында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Лондондағы телеарнаның агенттігінде қызмет атқарамын. 6 жыл бұрын Өзбекстанда жұмыс істей бастадық. Негізгі бағытымыз жарнама және жаңалықтар саласы болды. Біз аудиторияны елімізде болып жатқан оң өзгерістерге қарай тартуға тырысамыз. Бүгін, міне, Euronews қызметкерлері Мәдени мұра апталығына қатысып жатыр.  Менің ойымша, БАҚ өкілдері Ташкентте болып жатқан оқиғалардың призмасы арқылы Орталық Азияға назар аударады. Бұрын Қазақстанға көбірек көңіл бөлінсе, қазір жағдай өзгеріп жатыр»,—деді Фред Харрисон.

Айта кетейік, «Шығыс Ренессанс феномені: мемлекет, дін, тұлға және өркениет» атты мәдени мұра апталығы 18-27 қазан аралығында өтеді. Оған 100-ден астам шетелдік ғалым мен сарапшылар қатысуда. Апталық аясында конференциялар, семинарлар, форумдар мен көрмелер ұйымдастырылады.

Пікірлер