Қырғызстан шекарасында қазақстандық жанармай тиелген алты жеңіл көлік пен автобус ұсталды

223
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Қырғызстандағы «Ақ-Жол» бақылау-өткізу бекетінде Қазақстаннан республикаға жанар-жағармай тасымалдап келе жатқан алты жол талғамайтын көлік пен бір автобус ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Қырғыз Республикасының жол қозғалысы қауіпсіздігі бас басқармасы республика аумағында 16 қазан мен 20 қазан аралығында «Қосымша техника» рейдінің аясында Қазақстан мен Қырғызстан елдері арасындағы «Ақ-Жол» өткізу бекеті арқылы өтетін көлік құралдарын тексеруде.

«Рейд барысында қосымша жанармай құйылған алты Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігі мен бір жолаушылар автобусы анықталды», - делінген мәлімдемеде.

Қосымша цистернаны заңсыз орнатып, жанармай тасымалдағаны үшін көрші елде іс қозғалды. Жиналған барлық материалдар тергеу қызметіне жіберіліп, көліктер айыппұл тұрағына қойылды.

Пікірлер