Алматы облысы прокурорының орынбасары және Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды

127
Adyrna.kz Telegram

Саян Бәкіров пен Ескендір Бекманов қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 18 қазандағы бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары С. С. Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Е. К. Бекманов атқаратын лауазымдарынан босатылды»,- делінген ҚР БП Telegram-каналында жарияланған хабарламада.

Қадағалау органы бұған «қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша жұмыста елеулі кемшіліктердің болуы негіз болды» деп атап өтті.

Пікірлер