Бейбітшілікке жол ашайық - Макрон

1159
Adyrna.kz Telegram
Фото: dailymoscow.ru
Фото: dailymoscow.ru

Франция президенті Эммануэль Макрон Брюссельде өткен ЕО саммитінің қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында Израиль билігіндегі Газа мен Ливандағы әскери операцияларын тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Франция Израильді Ливандағы әскери әрекеттерін тоқтатып, құрлықтағы операцияларды бастамауға және елдің егемендігін, сондай-ақ БҰҰ алдындағы, әсіресе, UNIFIL бітімгерлеріне қатысты міндеттемелерін сақтауға шақырады», – деді Макрон.

Оның айтуынша, ХАМАС жетекшісі Яхья Синвардың жойылуы соғысты тоқтату мүмкіндігіне айналуы тиіс.

«Әскери әрекеттерді, Газадағы атысты тоқтатып, Израильдіктер мен Палестиналықтар үшін сенімді саяси болашаққа жол ашу қажет», – деп мәлімдеді Франция президенті.

Пікірлер