Бейбітшілікке жол ашайық - Макрон

1543
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/makron-emmanuel-960x500.jpg?token=fee190f27d2c061e164b70ba77e50f34

Франция президенті Эммануэль Макрон Брюссельде өткен ЕО саммитінің қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында Израиль билігіндегі Газа мен Ливандағы әскери операцияларын тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Франция Израильді Ливандағы әскери әрекеттерін тоқтатып, құрлықтағы операцияларды бастамауға және елдің егемендігін, сондай-ақ БҰҰ алдындағы, әсіресе, UNIFIL бітімгерлеріне қатысты

міндеттемелерін сақтауға шақырады», – деді Макрон.

Оның айтуынша, ХАМАС жетекшісі Яхья Синвардың жойылуы соғысты тоқтату мүмкіндігіне айналуы тиіс.

«Әскери әрекеттерді, Газадағы атысты тоқтатып, Израильдіктер мен Палестиналықтар үшін сенімді саяси болашаққа жол ашу қажет», – деп мәлімдеді Франция президенті.

Comments