Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш соңғы 24 сағатта Газа секторындағы БҰҰ-ның палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыс жөніндегі агенттігінің (UNRWA) екі мектебіне жасалған шабуылдан қатты шошынғанын айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Гутерриш мыңдаған палестиналықтардың БҰҰ нысандарын паналағанын еске салып:«Біздің нысандарға қол сұғылмайды, мен оны растаймын», - деді олБас хатшы БҰҰ нысандарын паналаған ондаған адамның, соның ішінде балалар мен әйелдердің қаза тапқанын және жараланғанын атап өтті.
«Соғыс күн сайын бейбіт тұрғындар, соның ішінде әйелдер мен балалар арасында орынсыз құрбандықтарға әкеледі. Мұны қазір дереу тоқтату керек », - деді Гутерриш.Ол тағы да Палестина эксклавында гуманитарлық келісімге шақыруын қайталады. Сондай-ақ Гутерриш Катар Үкіметіне делдалдық бастамалары үшін алғыс білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
1947 жылы БҰҰ резолюция қабылдайды. Келіспеген арабтар қолына қару алады. Содан бері бұл соғыс тоқтаған жоқ.
