Қостанайда 75 мың вейп тәркіленді

793
Adyrna.kz Telegram
dzen.ru
dzen.ru

Қостанайлық азамат вейптерді, ароматизаторлар мен сұйықтықтарды заңсыз әкеліп, таратқаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

АФМ мәліметіне сәйкес, Қостанай тұрғыны Ресейден аталған затты жеткізіп, оларды Қазақстан аумағында Telegram арнасы арқылы сатқан.

Шетел асып келген өнімді курьерлер мен пошта арқылы еліміздің түкпір-түкпіріне жеткізіп отырған. Тауарды сатып алу құны 100 мың теңгеден басталып,тек шетел азаматының атына тіркелген банк картасы арқылы төленіп отырған. Бұл тыйым салынған өнімнің заңсыз саудасын жасыру мақсатында ұйымдастырылған.

Күдіктінің үйінде жүргізілген тінту барысында шамамен 45 миллион теңге тұратын 7,5 мыңға жуық вейп тәркіленді. Сот үкімімен айыпталушыға 1 жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау орнатылды. Тәркіленген вейптер жойылатын болды.

Тергеу ісі 17 қыркүйекте Қостанай облысы прокуратурасының заңсыз вейп әкелу мен таратуды анықтауынан бастау алды.

Пікірлер