Аңыз адам. Италия басылымы да әнші Димаш туралы жазды

392
Adyrna.kz Telegram
Сурет: dimashnews.com
Сурет: dimashnews.com

Мәдениет, әдебиет, тарих және философия туралы жазатын италиялық «Pensiero» басылымы әнші Димаш туралы жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

Мақала «Димаш Құдайберген. Шығыс пен Батыстың арасы. Астанаға баруға лайықты өте сирек кездесетін дауыс иесі» атты деген тақырыппен жарияланды.

Димаштың Астанадағы жеке концертін тамашалаған мақала авторы қазақстандық ерекше дауыс иесінің өнері, шығармашылығы, отбасы туралы жазған. Сонымен қатар әлемге әйгілі әншіні түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін, барша адамзатты өнерімен баураған, оларды бір арнаған тоғыстырған дәнекер деп көрсеткен.

«Бізді әлемнің 80 елінен келген 40 мың адамды Димаштың өнері біріктірді. Концерттегі атмосфераны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бірдей жылдамдықпен соғып жатқан көп жүрекпіз. Димаштың әр концерті бұрынғыларына ұқсамайтын ерекшелігімен есте қалады. Біз өзімізді тілдеріміздің әртүрлілігіне қарамастан БҰҰ-ның штаб-пәтерінде тұрғандай сезіндік», - деп жазды автор.

Пікірлер