Бразилия көшелерінде Димаштың суретімен безендірілген автобустар жүр

2235
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/whatsapp-image-2025-05-15-at-13.00.32-960x500.jpeg?token=f9368ca02cad4b78ddc0c68224b395b1

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің туған күніне орай оның бразилиялық фан-клубы «Dimash on the Road» жобасын жалғастырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Dimashnews-ке сілтеп.

Жоба аясында екінші жыл қатарынан Бразилияның ірі қаласы Форталезадағы қоғамдық көлік – қалалық автобус толығымен Димаштың бейнесімен безендірілді. Енді бұл автобус қала көшелерінде жүріп, жолаушыларға ерекше әсер сыйлап жүр.

Форталеза – 2,7 миллионға жуық тұрғыны бар, 300 жылдық тарихы бар қала. Ол жағажайларымен, жылы климатымен және мәдени өмірімен танымал. Қазір осы қала көшелерінде «Әлемдегі ең ерекше дауыс!» деген жазуы бар, Димаштың суреті бейнеленген автобустар жүруде.

Автобустың сыртында әншінің фотосы мен ұраны, 2021 жылғы Digital Show кезінде орындалған «Sos d’un terrien en détresse» әніне арналған QR-код пен 2024 жылға жоспарланған Барселона, Берлин, Лондон қалаларындағы концерттер тізімі орналасқан.

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген «Тау ішінде» атты жаңа әніне арнап челлендж жариялаған еді.

Пікірлер