Белгілі актриса Баян Имашева өмірден өтті

605
Adyrna.kz Telegram
Фото: М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттықдрама театры
Фото: М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттықдрама театры

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының актрисасы Баян Имашева өмірден өтті. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Бойындағыы сахна шеберіне тән ойлылық пен даралық, театрға, өнерге деген адалдығы - қазақ театр енерінің қарашаңырағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының сахнасында жүзден аса рөл мен қазақ тарихындағы сан тағдырлы әйелдер бейнесін сомдатты. Өнегеге толы өмірінде, өнерге арнаған саналы ғұмырында актрисаның қазақ театры мен киносына, мәдениетіне қосқан үлесі өлшеусіз деп білеміз.

Мұхтар Әуезов атындағы  Қазақ Ұлттық драма  театрының ұжымы қайғыға ортақтасып, марқұмның отбасы мен жақындарына, туған-туыстарына кайғыра көңіл айтады”, делінген театр хабарламасында.

Пікірлер