«Қазақмыс» теміржолында тепловоз бен локомотив соқтығысты

208
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Жезқазғаннан 65 шақырым жерде екі жүк пойызы соқтығысты. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі түсінік берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"15 қазанда сағат 10:10-да "Сарысу" разъезінің маңында жекеменшік тепловоз бен жеке локомотив соқтығысты. Салдарынан бес бос вагон мен тепловоз аударылып қалды. Жеке локомотив бригадалары орташа дәрежеде жарақат алды", - деп хабарлады ҚТЖ.

Сондай-ақ компания оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер етпегенін атап өтті.

Белгілі болғандай, оқиға Жезқазғаннан 65 шақырым жерде «Қазақмыс» ЖШС теміржолында болған.

Естеріңізге сала кетейік, 9 қазан күні Ақмола облысында екі пойыздың бетпе-бет соқтығысқаны белгілі болды. Бұдан кейін ҚТЖ Сұрған стансасындағы жүк пойызы рельстен шығып кеткен жерге комиссия жіберілгенін, рельстен шығып кету салдарын жою үшін қалпына келтіру пойыздарының көтерілгенін хабарлады. Соқтығыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Пікірлер