Талғар әкімі мен орынбасары қызметтерінен босатылды

2029
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков пен оның орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қызметінен босатылды. Бұл туралы бүгін Талғар ауданы әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Талғар қаласының әкімі Күрішбеков Бахыт Куатбекович, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін атқарып отырған лауазымдарынан босатылды”, — деп жазылған ресми ақпаратта.

Күрішбеков Талғарды 2022 жылдың жазынан бері басқарып келеді. Сайлау алдында "Аманат" партиясы Талғар аудандық филиалының жауапты хатшысы қызметін атқарған.

Айта кетейік, 4 қазан күні Талғарда 16 жасар Шерзат Болат есімді жасөспірім 15 адамның қолынан қайтыс болған еді.

Жасөспірімнің қазасынан кейін Шерзаттың туыстары істің ашық тергелуін талап етті.

Одан кейін марқұм Шерзаттың үйін әлдекімдер өртеп кетті. Бұл қоғамда үлкен резонанс тудыруда.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер