«Хасан — ауыл бірлігіне шапқылап жүрген азамат». «Хутор» тұрғындары үндеу жасады

397
Adyrna.kz Telegram

Талғар ауданы Рысқұлов ауылының (бұрынғы Хутор — ред.) тұрғындары бір топ бұзақының қолынан қаза тапқан 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болаттың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ең алдымен, ауыл ақсақалдары марқұмның отбасына көңіл айтып, әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарап жатқанын мәлімдеді. Сөздерінше, алып-қашпа әңгімелерге байланысты ауылдың атына күйе жағылып жатыр.

«Біздің ауылға өте қиын тиіп тұр. Қаза болған баланың әкесіне қайғырып, көңіл айтамыз. Жатқан жері жайлы болсын. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді»,– дейді. Ауыл болғаннан кейін неше түрлі болып жатыр. Біздің ауыл кішкентай болғанымен, өте ұйымшыл. Су тасқыны кезінде үш күнде 2,5 млн теңге жинап берді. Өз қолыммен сол ақшаны мұқтаждарға табыстағанмын. Халық біледі. Қаңтар оқиғасы кезінде де бүкіл Талғар үнсіз жатқан кезде осы ауылдың жігіттері біреу-міреу кіріп кетпесін деп кезек-кезек күзетті. Таяқтың да екі ұшы болады. Соңына дейін шыдап, жаман сөздер айтпаса екен. Әртүрлі пікір айта бермей, құқық қорғау органдарына арыздарын жазсын, тексерсін»,—деді олар.

Тұрғындардың айтуларынша, атышулы Хасан — көпке көмегін тигізіп жүрген азамат.

«Хасан, керісінше, осы ауылдың бірлігі мен тірлігіне шапқылап жүр. Мектепке де, мешітке де ақшалай көмектесіп келеді. Осындай азаматты қаралап, Шерзат марқұмның ісі айдалада қалды. Одан өш ала алмай жүргендердің әрекетіне ұқсайды. Иә, оның інісі түрмеде отырған шығар. Ал оның жеке басына тіл тигізуге болмайды. Оған да ауыр тиіп жатыр. Дәлел бар ма, келіңдер, ұстап беріңдер. Ары қарай құқық қорғау органдары өздері шешеді»,— деп толықтырды ауыл азаматтары.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде 16 жастағы жасөспірімді өлтіргендердің «Хутор» бандасынан шыққаны туралы ақпарат тараған еді. Ал оның басшысы ретінде Хасан есімді азамат көрсетілген. Желі қолданушыларының мәліметінше, «хуторлар» бірнеше жылдан бері бүкіл қаланы үрейде ұстап келген.

<

Пікірлер