Ұлттық ұлан әскері Талғардағы қоғамдық тәртіпті қадағалайды

274
Adyrna.kz Telegram
Сурет: baq.kz
Сурет: baq.kz

Алматы облысының Талғар қаласында қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қадағалау қызметін атқару үшін Ұлттық ұлан әскери бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Өткізілетін іс-шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған. Азаматтардан әскерилердің міндетіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Еске салайық, 4 қазанға қараған түні 16 жастағы Шерзат Болат кісі қолынан қаза тапқан болатын. Жасөспірімді өлтірді деген күдікпен 7 адам ұсталды. Ал 12 қазанға қараған түні марқұмның үйі өртке оранды. Полиция бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Пікірлер