Сыраның ақшасын төлемей, сатушысын өлтіріп кетті. Марқұм - 16 жастағы жасөспірім

1783
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Алматы облысында 16 жастағы баланың өлімі тергеліп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жасөспірім жаппай төбелес кезінде көз жұмды. КТК арнасының мәліметінше, жанжал жігіттің отбасы жалға алған дүкенде басталған.

Қайғылы оқиға Талғарда болған. Жалға алынған дүкеннің ауысымында үйдің отағасы жұмыс істеген. Туыстарының айтуынша, клиент ер адам сауда нүктесіне бір құты сыра сатып алуға келген. Алайда ол сыра үшін ақша төлегісі келмей, ұрыс-керіс басталған. 16 жастағы марқұм Шерзат пен оның ағасы әкесін жақтап, клиенттен кетуін өтінген. Бірақ оның орнына жанжал шығарған азамат достарына қоңырау шалып, оқиға орнына тағы адамдар келген.

“Ұлым маған қоңырау шалып, қазір әкесі мен ағасын ұрып-соғатынын айтты. Бірден дүкенге жүгірдім. Бірақ мен жеткенше ұлым мен күйеуімнің ағасын ұрып-соғып үлгеріпті. Күйеуі пышақ ұстаған адамды олардан алып кеткен. Оны қаруланған деп қорыққан. Бірақ ол жердегілердің барлығында пышақ, тіпті мылтық болды. Ұлымды көз алымда көкала қойдай етіп сабаған. Оның қансырап жатқанын көрдім”, – дейді жігіттің анасы Гүлбара Бишембиева.

Қайтыс болған жасөспірімнің анасы күдіктілердің пышақ ала жүгіргенін айтады. Марқұмның туыс ағасы да пышақ жарақатынан зардап шеккен.

“Шерзаттың әкесі тек клиенттің тауар үшін ақша төлеуін қалаған. Бұл дұрыс қой. Келген адам не себепті оларға тиісіп, төбелесіп, біреулерге қоңырау шала бастады? 15-20-дан кем емес адам келді. Олардың арасында үш-төрт қыз болды. Барлығы жас, бірақ өздерін аңдар сияқты ұстады. Тіпті мылтықтары мен пышақтары болған”, – дейді көз жұмған жігіттің тағы бір туысы Күләш Римова.

Төбелес салдарынан ауруханада көз жұмған оқушының денесі үйіне жеткізілген.

Пікірлер