Футболдан ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасының 4-тур аясында Словения құрамасымен кездесті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Алматыдағы Орталық стадионда өткен ойын 0:1 есебімен аяқталды.Бұл матчтағы жалғыз голды Словения құрамасының шабуылшысы Ян Млакар 55-минутта соқты.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы алғашқы кездесуін Норвегиямен сенсациялық тең ойынмен (0:0) бастады, бірақ одан кейін екі ірі жеңіліске ұшырады: алдымен Станислав Черчесовтың шәкірттері қонақта Словениядан (0:3) жеңілсе, кейін Австрия құрамасынан сырт алаңда (0:4) ұтылды.
Словения құрамасының Ұлттар лигасындағы алғашқы ойындарына келетін болсақ, олар Қазақстанды жеңуден бөлек, Австриямен тең ойнап (1:1), Норвегиядан (0:3) жеңіліс тапты.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан мен Франция арасындағы жоғары білім және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойылды
"Келіссөз алаңын ұсынуға дайын". Ресейден келген Президент АҚШ басшысымен Украина жайлы кеңірек сөйлесті
