Туризм және спорт министрі Бекзат Саттархан мен Денис Теннің аналарымен кездесті

1606
Adyrna.kz Telegram
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Бекзат Саттарханов пен Денис Теннің анасымен кездесті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Астанада министр даңқты боксшы, Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың аяулы анасы Сырлыкүл Саттарханованы және әлемге Қазақстанды танытқан мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің анасы Оксана Тенді қабылдады.
Кездесу барысында Ербол Мырзабосынов ел байрағын көкте желбіретіп, Әнұранымызды тартысты бәсекелерде шырқатқан саңлақтардың есімі ел есінде екенін жеткізді. Олардың рухын ұлықтау жолында қос ананың аянбай еңбек етіп жүргенін атап өтті.
“Халқымыз "Алып анадан туады" деп бекер айтпаған. Шынында да, адам бойындағы асыл қасиет пен таудай талап ананың ақ сүтімен дариды. Ана баласына берген тәрбиесі мен шексіз махаббаты оның болашағына жарқын жол ашады. Сіздер ұлдарыңызды спорт үйірмесіне қаршадайынан жетелеп апарып, чемпион атануы үшін барлық жағдайды жасадыңыздар. Саңлақтарымыз арамыздан алыстап кетсе де, олардың рухын ұлықтау, есімін ел жадында мәңгі сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүргендеріңізге куәміз. Батырларымыздың аты өшпей, әлі күнге дейін жас жеткіншектердің кумирі болып келе жатқаны ең алдымен, сіздердің арқаларыңыз", - деді Ербол Мырзабосынов.
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер