Не шықса да Түркіменстаннан шығады. Мальтадағы матч кейінге қалды

1263
Adyrna.kz Telegram
Фото: turkmenportal.com
Фото: turkmenportal.com

10 қазан күні Мальтаның астанасы Валлетта маңындағы Та'Қали стадионында өтетін Мальта мен Түркіменстан арасындағы жолдастық кездесу Түркіменстан үкіметі ойыншыларының сапарға шығуына рұқсат бермеген соң кейінге қалдырылды. Бұл туралы Мальта футбол федерациясының баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Түрікменстан футбол қауымдастығы өз елінің билігінен Мальтаға бару үшін қажетті рұқсатты алуда қиындықтар туындағандықтан, матч өткізілмей қалды», - делінген ресми мәлімдемеде.

Анықталғандай, халықаралық матчты ФИФА, УЕФА және Азия футбол конфедерациясы (АФК) мақұлдады, олардың өкілдері Мальта Сыртқы істер министрлігімен бірге жағдайды реттеуге тырысты, бірақ барлық әрекеттер сәтсіз аяқталды.

Айта кетейік, Мальта құрамасы 13 қазанда өтетін УЕФА Ұлттар лигасының Молдоваға қарсы кездесуіне дайындық аясында Түркіменстанмен жолдастық кездесу өткізуді жоспарлаған болатын.

Мәлімет бойынша, Түркіменстаннан шығу үшін азаматтар арнайы рұқсат алуы керек. Бірақ бұл да жеткіліксіз болуы мүмкін. Тәуелсiз БАҚ ұшақ билеттерiн сатып алған азаматтардың Түркiменстаннан түсiндiрместен шығуына рұқсат етiлмейдi деп ұдайы хабарлап жатыр. Ал көші-қон қызметінің қызметкерлері ешбір құжатқа сілтеме жасамайды.

Пікірлер