Ұлы Түркістанның жаңғыруы ма? Түркия "Орталық Азия" терминін "Түркістанға" алмастырды

1368
Adyrna.kz Telegram
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

Түркия Ұлттық білім министрлігі тарих пәні бағдарламасына түбегейлі өзгерістер енгізді. Оқулықтардағы "Орталық Азия" термині "Түркістан" терминімен ауыстырылатын болады, деп хабарайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы TRT телерадиокомпаниясы хабарлады.

Түркия президенті бұл бастаманы болашақ ұрпақ бойында ұлттық бірегейлік пен патриотизмді нығайтуға бағытталғанын мәлімдеді.

"Түрік ғасыры" туралы көзқарасымызды Түркі мемлекеттері ұйымына жеткізе отырып, алдағы кезеңді түріктердің дәуіріне айналдыру үшін иық тіресе жұмыс істейтін боламыз", – деді бастаманы қолдаған Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Ердоғнның айтуынша, мұндай өзгеріс түркі әлемінің бірлігі үшін аса маңызды.

Сондай-ақ, "Түркілердің отаны" дегенді білдіретін "Түркістан" сөзі ерте дәуірден бері қолданылып келеді.

"19 ғасырдың екінші жартысында орыс шапқыншылығының нәтижесінде "Түркістан" атауының орнына Орталық Азия ұғымы енгізіліп, жұрт арасында тарады", - дейді тарих факультетінің оқытушысы, доцент Рамин Садық.

Ғалымның айтуынша, бұл – тек Түркия үшін ғана емес, бүкіл түркі әлемі, сондай-ақ түркі мемлекеттерінің серіктес елдері үшін маңызды бастама әрі құнды үлес.

Пікірлер