Түркияның Измир қаласында жер сілкінді

5230
Adyrna.kz Telegram
AFAD, merkez üssü Ege Denizi'nin Seferihisar açıkları olan 6,6 büyüklüğünde deprem meydana geldiğini açıkladı. İzmir'de bazı binalar yıkıldı. ( Mehmet Emin Mengüarslan - Anadolu Ajansı )
AFAD, merkez üssü Ege Denizi'nin Seferihisar açıkları olan 6,6 büyüklüğünde deprem meydana geldiğini açıkladı. İzmir'de bazı binalar yıkıldı. ( Mehmet Emin Mengüarslan - Anadolu Ajansı )

Эгей теңізі аумағындағы жер сілкінісі Түркияның батысындағы Измир қаласын әбігерге салды. Ондаған үй қираған. Сілкініс ошағы 16,5 шақырым тереңдікте. Бұл туралы Анадолы агенттігіне сілтеме жасап, "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды.

6,6 балдық жер сілкінісінің зардабы оңай болмаған сыңайлы. Теңіз суы кері қайтып, тұрғындарды дүрбелеңге салғаны туралы ақпараттар желі бетін шарлауда.

Жер сілкінісі 15 секундқа созылып, Түркияның батысындағы көптеген провинцияда сезілген. Түркия ІІМ хабарлауынша, зілзала салдарынан Измир қаласының Борнова және Байраклы аудандарында алты тұрғын үй қираған.

Қаза тапқандар мен жаралылар туралы әлі хабарланған жоқ.

 

Сурет: aa.com.tr сайтынан

Пікірлер