Ел басына күн туғанда. Байден ресми іс-сапарларын кейінге қалдырды

1036
Adyrna.kz Telegram
Фото: twitter.com/POTUS
Фото: twitter.com/POTUS

АҚШ президенті елге алапат дауыл келе жатқаны туралы ақпараттан соң іс-сапарын кейінге қалдырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

CNN мәліметінше, Флорида штатына "Милтон" дауылы келе жатыр. Бұл елдің соңғы 100 жылдық тарихындағы ең алапат дауыл болуы мүмкін.

Ал ВВС дауылға байланысты президент Джо Байден Германия мен Анголаға сапарын кейінге қалдырғанын хабарлады.

“Милтон” дауылының траекториясы мен күшін ескеріп, президент Германия мен Анголаға жоспарлаған сапарынан бас тартып, дауылға дайындықты бақылайды”, - Карин Жан-Пьер.

Байденнің өзі жағдайды  “өмір мен өлім” мәселесі ретінде сипаттады.

Дауыл соңғы күндері қауіптің 5 категориясына дейін күшейіп, шығысқа қарай сағатына 14,5 км жылдамдықпен қозғалып келе жатыр. Мамандар дауыл Флоридаға катастрофалық салдар әкелетінін айтуда.

Метеорологтар дауыл Флорида штатына 9 қазан күні жететінін болжады.

Пікірлер