Нұрсұлтан Назарбаев атындағы танкер АҚШ-тың санкциясына ұшыраған. Ол ресейлік «Роснефтьфлот» компаниясына тиесілі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы bizmedia.kz сайтына сілтеп.
Танкерге Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі Ресей мен Қазақстан арасындағы достықты дамытуға қосқан үлесі үшін берілген.
АҚШ-тың жарияланған жаңа санкциялар пакетіне мұнай өнімдеріне қатысты 30-дан астам ресейлік компания кірді.
Бұл санкциялар екі қазақстандық компанияға да әсер етті: Қазақстандағы жанармай құю станциялары желісіне иелік ететін «Газпром Нефть» компаниясының еншілес ұйымы «Газпром Нефть Қазақстан» және «Совкомфлот» компаниясының қызметкері UMBRA NAVI SHIPMANAGEMENT CORP.