Бас прокурор Берік Асылов балалар арасындағы суицид толқыны туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Айтуынша, прокуратора интернетте суицидті насихаттауға қатысты Қылмыстық кодекстің 313-1-бабы бойынша сотқа дейінгі үш тергеу шарасын бастаған.
«Қылмыстық істерді тергеуді арнайы прокурорларға тапсырдым. Балаларды өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу мазмұнындағы бірнеше Telegram-арналардың әкімшілері мен оған қатысушылар тексерілетін болады. Қажетті тергеу амалдары жүргіземіз, бірқатар сараптамалар тағайындаймыз»,—деп түсіндірді Берік Асылов.