Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахайян 5 наурызда Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Report-қа сілтеп.
Report хабарлағандай, БАӘ президенті Иранның Әзербайжан аумағына ұшқышсыз ұшақтармен жасаған шабуылын қатаң айыптап, оқиға кезінде зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.
Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахайян өз сөзінде бұрынғы зымыран шабуылы кезінде мемлекет басшысының көрсеткен қолдауына ризашылығын білдіріп, осы шабуылға қарсы ұстанымын тағы да атап өтті.
Телефон әңгімесі барысында екі тарап өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасты.
Ұқсас жаңалықтар
