«Ел өркендеуі керек» Асанәлі Әшімов референдумда дауыс берді

140
Adyrna.kz Telegram

 

Қазақстанның Халық артисі, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, театр әрі кино актері және режиссері Асанәлі Әшімов Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді.

Қазақ киносының аңызы жұбайымен бірге Б.Момышұлы атындағы № 131 мектеп-лицейінде орналасқан №382 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Артист бұл оқиғаның еліміз үшін маңыздылығын атап өтті.

«Бұл – біздің азаматтық борышымыз, оны елеусіз қалдыруға болмайды. Мемлекет халықтың шешім қабылдауына мүмкіндік берді. Сондықтан референдумда дауыс беру маңызды. Ел өркендеуі керек, бұл біздің қолымызда!», – деді Асанәлі Әшімов.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге таңертең №48 мектеп-лицейінде орналасқан №388 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Мегаполисте 624 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді, олар 20:00-ге дейін ашық болады.

 

 

Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі 

Пікірлер