«Ел өркендеуі керек». Асанәлі Әшімов референдумда дауыс берді

1394
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/whatsapp-image-2024-10-06-at-12.21.49.jpeg
  Қазақстанның Халық артисі, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, театр әрі кино актері және режиссері Асанәлі Әшімов Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді. Қазақ киносының аңызы жұбайымен бірге Б.Момышұлы атындағы № 131 мектеп-лицейінде орналасқан №382 сайлау учаскесінде дауыс берді. Артист бұл оқиғаның еліміз үшін маңыздылығын атап өтті.
«Бұл – біздің азаматтық борышымыз, оны елеусіз қалдыруға болмайды. Мемлекет халықтың шешім қабылдауына мүмкіндік берді. Сондықтан референдумда дауыс беру маңызды. Ел өркендеуі керек, бұл біздің қолымызда!», – деді Асанәлі Әшімов.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге таңертең №48 мектеп-лицейінде орналасқан №388 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Мегаполисте 624 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді, олар 20:00-ге дейін ашық болады.    

Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі 

评论