Ақмола облысында референдум учаскесінің мүшелері дауыс берушілерді ұлттық киіммен қарсы алды

1082
Adyrna.kz Telegram
Фото: Степняк қаласындағы №264 референдум учаскесі.
Фото: Степняк қаласындағы №264 референдум учаскесі.

Ұлттық киім-ұлттың сәні ғана емес, болмысын да айшықтайды. Ұлттық стиль – ұлттық болмысты айшықтай отырып, ел мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігіне айналды. Ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі қарапайым әрі әдемілігімен ерекшеленіп келді. Біздің қазақтың ұлттық киімі – біздің бай дәстүріміздің белгісі, сол киімді кию әрбір азамат пен азаматша үшін үлкен мақтаныш. Өйткені оның кез-келген қазаққа жараса кететіні шындық. Көңілге жылылық ұялататын ою-өрнекпен безендірілген киімдер расында, көздің жауын алады.

Сондықтан, дәстүрімізге сай, атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық киімдерді ұлықтау мақсатында Біржан сал ауданының Степняк қаласындағы №264 референдум учаскесінің комиссиясы мүшелері дауыс берушілерді ұлттық нақыштағы, оюмен өрнектелген киімде қарсы алды.

Ақмола облыстық референдум комиссиясының мәліметінше, облыс бойынша барлығы 786 референдум комиссиясы жұмыс істеп жатыр, оның ішінде Ақмола облысының аумақтық референдум комиссиясы бар. Оның 20 қалалар мен аудандардың аумақтық референдум комиссиясы болса, 765 учаскелік референдум комиссиясы. Ондағы комиссия мүшесінің саны 4540 адамды құрайды, оның 147-сі аумақтық референдум комиссиясының және 4393-і учаскелік референдум комиссиясының мүшелері.

Пікірлер