АЭС референдумы. Қазақстан азаматтары шетелде дауыс бере алады

878
Adyrna.kz Telegram
Фото: Sputnik / Абзал Калиев
Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 59 шет мемлекетте 74 референдум учаскесі ашылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік пен туристік мақсатпен жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары референдум учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады.

Қазақстанның шетелдегі мекемелерінде дауыс беру "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының 38-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес референдум күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізіледі.

Қазақстан президентінің 2 қыркүйектегі жарлығына сәйкес 2024 жылдың 6 қазанында Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша жалпыреспубликалық референдум өтеді.

Пікірлер