Балқашта АЭС салады деген «Росатомға» Ұлыбритания санкция енгізді

251
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/XPUeERUoSZO8gxRNYmcnk1Ep7oARPiy2YwCrV8wK.webp

Ұлыбритания ресейлік «Росатом» корпорациясының үш құрылымына және екі жеке тұлғаға қатысты санкция енгізгенін мәлімдеді. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Санкциялық тізімге Rosatom Energy Projects, REIN Engineering, Rusatom Overseas компаниялары, сондай-ақ «Rosatom Energy Projects»компаниясының бас директоры Андрей Рождествин мен «Rusatom Overseas» президенті Илья Вергизаев енгізілген.

Бұл шешімге компанияның шетелде АЭС салу бойынша келісімшарттар алуға талпыныс жасап, сол арқылы Ресейге қосымша табыс көздерін ашу және мұнай кірісінің төмендеуін өтеу әрекеттері негіз болған.

Бұған дейін «Росатомның» бірқатар құрылымы батыс санкцияларына іліккен еді. 2024 жылдың басында АҚШ-тың SDN тізіміне «Росатомның» бас директоры Алексей Лихачев пен оның орынбасарлары енгізілді. Сондай-ақ 2024 жылдың мамырында АҚШ Ресейден уран импортына шектеу қойып, 2028 жылдан бастап толық тыйым салатынын жариялады. Бұған жауап ретінде қараша айында Ресей үкіметі АҚШ-қа байытылған уран экспортын уақытша шектеу туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, «Росатом» – Қазақстандағы «Балқаш» АЭС құрылысы бойынша халықаралық консорциумның жетекшісі. АЭС жобасы бойынша алғашқы жұмыс былтыр жазда басталған. Ал негізгі станцияның құрылысы 2029 жылы басталуы мүмкін.

Пікірлер