Өзбекстан Таяу Шығыстағы жағдайдың күрт шиеленісуіне алаңдаулы екенін айтты

995
Adyrna.kz Telegram
Фото: en.irna.ir
Фото: en.irna.ir

Өзбекстан Таяу Шығыстағы жағдайдың күрт шиеленісуіне алаңдаулы. Бұл туралы Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Өзбекстан Таяу Шығыстағы жағдайдың күрт шиеленісуіне алаңдаулы. Қақтығыстың арта түсуі бүкіл халықаралық қауымдастық үшін теріс салдарға, аймақта қауіп-қатердің еселенуіне әкелуі ықтимал деп санаймыз. Қарсылас тараптарды ұстамдылық танытуға және жағдайды одан әрі шиеленістіретін әрекеттерге бармауға шақырамыз», - делінген Өзбекстанның сыртқы саяси ведомствосының мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, Өзбекстан халықаралық нормалар мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімдеріне сәйкес, қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге бағытталған шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Пікірлер