Қазақстан мен Үндістан терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығуын бастады

1375
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан мен Үндістан терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығуын бастады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Жаттығу барысында екі контингенттің әскери қызметшілері лаңкестікке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша таулы дайындық пен тәжірибелік дайындық аясында бірлескен жұмыстан өтеді. Қону сатысында Қазақстанның Әуе шабуылы күштерінің әскери қызметшілері үндістандық әріптестерімен бірге таулы аймақтарда парашютпен секіреді», - делінген хабарламада.

Жыл сайынғы бірлескен оқу-жаттығуға қатысу үшін Үндістанға Қазақстанның Құрлық әскерлері мен Әуе шабуылы күштерінің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілерінің біріккен ротасы барды.

Сондай-ақ, «KazInd-2024» бірлескен тактикалық оқу-жаттығуы Қазақстан мен Үндістан қорғаныс министрліктері арасындағы екіжақты ынтымақтастық жоспарын жүзеге асыру аясында өтіп жатқаны хабарланды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер