Сот уақытты қайтаруды талап еткен азаматтың ісін қараудан бас тартты

941
Adyrna.kz Telegram
фото: Kyzylorda News
фото: Kyzylorda News

Тұрғын елорданың әкімшілік сотына Сауда және интеграция министрлігі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметіне уақытты қайтаруды талап етіп, әкімшілік сотқа жүгінген. Алайда, сот талабын кері қайтарған. Бұл туралы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Талап қоюшының бастапқыда мәлімдеген талаптары әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды.  Осыған байланысты соттың белсенді рөлі қағидатын іске асыру шеңберінде сотпен талап қоюшыға өз талаптарын нақтылау құқығы түсіндіріліп, талаптардың мәнін өзгерту (қорытынды шешімді және тиісті жауапкерді көрсету) ұсынылды. Сот белгілеген мерзімде сотқа әкімшілік талапты нақтылау немесе толықтыру туралы өтініш түскен жоқ, –делінген сот хабарламасында.

Сондықтан, талап қоюшы өз құқығын пайдаланбай, талаптарды нақтыламауына (өзгертпеді) байланысты талабы кері қайтарылған.

Ақпаратқа сәйкес, А. елорданың әкімшілік сотына Сауда және интеграция министрлігі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметіне талап қойып, әкімшілік сотқа жүгінген. Ол Үкіметтің 2024 жылдың 19 қаңтарындағы қаулысын заңсыз деп тануды, Үкімет жанындағы жұмыс тобының 2024 жылғы 2 тамыздағы «уақытты қайтарайық» петициясын қанағаттандырудан және ақпаратқа қол жеткізуден бас тарту туралы шешімін заңсыз деп тануды талап еткен.

Ол сот шешімі бойынша:

1) «Қазақстан Республикасының аумағындағы уақытты есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы қаулысы заңсыз деп танылсын;

2) Үкімет жұмыс тобының 2024 жылғы 2 тамыздағы «Уақытты кері қайтарайық» өтінішін қанағаттандырудан және ақпаратқа қол жеткізуден бас тарту туралы шешімі заңсыз деп танылсын;

3) 2024 жылғы 1 тамыздағы жауап заңсыз деп танылсын;

4) 2024 жылғы 27 тамыздағы жауап заңсыз деп танылсын.

Сот «талапкердің бастапқы көрсетілген нысандағы талаптары әкімшілік іс жүргізуде қарауға жатпайды» деп түсіндірді.

Пікірлер