Француз оппозициясының жетекшісі қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

208
Adyrna.kz Telegram
Сурет: РБК
Сурет: РБК

Франциядағы «Ұлттық бірлестік» ірі партиясының жетекшісі Марин Ле Пенге қатысты сот процесі басталды. Ол Еуроодақ қаржысын жымқырды деп айыпталып отыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Саясаткермен қатар партияның басқа 23 мүшесі де қаржылық заң бұзушылықтар бойынша күдікке ілінді. Болжалды схемалар 2004 және 2016 жылдар аралығында жасалған болуы мүмкін.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, келтірілген жалпы шығын көлемі 6,8 миллион еуроға бағаланып отыр.

Марин Ле Пеннің өзі бұл айыптауларды жоққа шығарды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, француз ультра оңшыл көшбасшысы 10 жылға бас бостандығынан айырылып, 1 млн еуроға дейін айыппұл төлейді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметке қатысуға 5-10 жылға тыйым салынуы мүмкін. 

Пікірлер