Пәкістанда ресейлік ұшқыштар басқарған тікұшақ құлады

925
Adyrna.kz Telegram

Пәкістанда ресейлік ұшқыштар мінген тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы  Reuters және Aaj телеарнасы дереккөздеріне сілтеме жасап.

Деректерге сүйенсек, 28 қыркүйек күні тікұшақ Ауғанстанмен шекараға жақын Хайбер-Пахтунхва провинциясының Солтүстік Вазиристан ауданында құлаған. Бортта 14 адам болған - алтауы қаза тауып, тағы сегізі жараланған.

Aaj хабарлауынша, тікұшақ бортында үш ресейлік те болған.

Ми-8 ұшағын Пәкістанның Mari Petroleum мұнай барлау және өндіру компаниясы жалдаған, деп нақтылады Aaj ақпарат көздері. Олардың мәліметінше, тікұшақ техникалық ақауға байланысты Шева мұнай кен орны маңында құлаған.

Шева мұнай кен орны Пешавар провинциясының астанасынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 200 км және Пәкістан астанасы Исламабадтан 230 км қашықтықта солтүстік бағытта орналасқан.
Washington Post (WP) жергілікті полицияға сілтеме жасап, апатқа қозғалтқыштың істен шығуы себеп болған деп жазады.

«Ұшу кезінде тікұшақта техникалық ақау орын алды. <...> Төтенше қону кезінде құйрық роторы жерге тиіп кетті, оқиға бойынша тергеу басталды», - деді жергілікті қауіпсіздік қызметкері WP-ге.

Сондай-ақ ол тікұшақтағы үш ресейліктің екеуі ұшқыш, ал үшіншісі экипаж мүшесі екенін айтты. Басылымның сұхбатшысы олардың қайтыс болғанын нақтыламады.

«Тікұшақ қонуға мүмкіндігі болғанымен, өкінішке қарай, кейін ол басқарудан айырылды. Қазіргі уақытта барлық тиісті ведомстволардың, соның ішінде Пәкістан армиясының қолдауымен эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізіліп жатыр», - деді компания өкілі..

Пікірлер