Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан Пәкістанға көптеген адам өліміне әкеп соққан нөсер жаңбыр мен су тасқынының салдарын жою үшін 400 мың доллар бөледі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ресми мәліметтер бойынша, Пәкістанда табиғи апаттардан 1033 адам қайтыс болды, оның ішінде 343-і балалар. Сонымен қатар, тұрғын үйлер мен инфрақұрылым қирады. Шамамен 35 миллион баспанасыз және азық-түліксіз адам қалды.
27 тамызда Пәкістан премьер-Министрі халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады.
”Адырна” ұлттық порталы