Әуезовтың туған күнінде. “Алаштың тұңғыш білім ордасы” кітабының тұсаукесері өтті

121
Adyrna.kz Telegram

Жазушы, драматург Мұхтар Әуезовтің туған күнінде “Атамұра” баспасының “Алаштың тұңғыш білім ордасы” атты кітабы жарық көрді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бұл туралы “Атамұра” баспасының президенті Рақымғали Абрарұлы өзінің желідегі жазбасында жазды. 

“Бүгінгі үлкен мерекеге, Мұхтар Әуезовтің туған күніне орай тағы бір тамаша кітаптың тұсауын кестік. «Алаштың тұңғыш білім ордасы» деп аталатын бұл кітап – өте құнды тарихи кітап. Кітапта ғұлама жазушы Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледждің өткен тарихы мен бүгінгі даму жағдайы, жетістіктері баяндалады” деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол кітапта білім ордасының тарихы жайлы, нақтырақ айтқанда қазақтың тұлғалары тұңғыш білім алғаны жайлы жазылғанын жеткізді.

“Түсінген адамға бұл кітап - тұнып тұрған тарих. Мысалы, осы білім ордасында еліміздің ұлы тұлғалары Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Әлкей Марғұлан, Ахат Шәкәрімұлы, Шәкен Айманов, Әзілхан Нұршайықов тағы басқалардың білім алғанын немесе дәріс оқығанын жұрттың бәрі біле бермейді.
Бұл кітапта сол ұлы тұлғалардың өз қолымен жазылған өмірбаяндары, тарихи фотолары, мектеп бітірген кезде алған аттестаттары, тіпті, алған бағаларына дейін берілген” деп қосты ол.

 

Пікірлер