Ақмола колледждерінің 500-ден астам студенті егін орағына қатысып жатыр

838
Adyrna.kz Telegram

Қазір Ақмола облысында егін жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Фермерлер алғашқы миллион тонна астықты бастырып үлгерді. Тұрақты құрғақ ауа-райы егінді жаңа күшпен жинауға мүмкіндік береді.

4500 гектарға жуық егістік жерлердің жалпы алаңында практикалық дайындық барысында «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша 11 Ақмола колледжінің студенттері дәстүрлі түрде егін жинау науқанында кәсіби дағдыларды игереді.

«Біз 1500 га жуық жермен жұмыс істейміз, оның 900 га-ға жуығы егістік. Дәнді дақылдардан бидай мен арпа егілді. Осы күзде өндірістік практика аясында Астрахан ауданының ауылшаруашылық кәсіпорындар базасында 66 студент жұмылдырылды», - деп атап өтті Астраханка а. агробизнес және сервис колледжінің директоры Валентина Путинцева.

Болашақ механизаторлар біздің және көршілес облыстардың шаруашылығында жұмыс істейді, олармен келісімшарттар жасалып, жұмыс үшін ақы төленеді.

«Біз 2024 жылғы егін жинау науқанына қатысып жатырмыз. Оқу процесінде алған кәсіби дағдылар бізге колледжді бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуға сенімділік береді. Бізге ертеңгі күнге деген сенімділік пен білім беретін ұстаздар мен шеберлерге алғысымызды білдіреміз», - дейді Астраханка а. агробизнес және сервис колледжінің 2 курс студенттері Илья Бахарев пен Жеңіс Дастанов.

«Өндірістік практика кезінде мен ауыл шаруашылығы техникасының әртүрлі түрлерін игерумен айналысамын, оған техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге қатысамын, сондай - ақ алған білімімді ауыл шаруашылығы жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін практикада қолданамын», - дейді Каменка ауыл шаруашылығы колледжінің екінші курс студенті Иван Цимбальский.

Барлығы егін алқабында 500-ден астам студент жұмыс істеп жүр. Бұл студенттерді оқытудың өте маңызды кезеңі, олар іс жүзінде техникамен тиімді жұмыс істеп ақауларды тез жоюды, дақылдарды өсіру технологияларын зерттеуді үйренеді.

Пікірлер